Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

«Саламатты өмір салты – туберкулездің алдын алу!» тақырыбында семинар-тренинг

Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы атты айлық барысында, №29 қалалық емхананың мектеп дәрігері Пернебаева И.Ш. емханаға қарасты №182 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына «Саламатты өмір салты – туберкулездің алдын алу!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Туберкулез – қабынбалы өкпе пен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы ауру. Туберкулез –тек қана өкпе ауруы ғана […]


Бас дәрігер есеп берді

2020 жылдың 27 ақпан күні №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы 2019 жылғы жұмысы жөнінде Қадағалаушы Кеңес пен емхана ұжымы алдында жылдық есеп берді. Баяндама жасаған бас дәрігер А.Садықова емхана қызметкерлерінің басты мақсаты – сапалы қызмет көрсету, кәсібилік, жауапкершілік екеніне тоқталды. Емхананың жұмыс жүргізу саясатына тоқталып, ондағы бастапқы медициналық қызмет көрсету сапасы мен профилактикалық, […]


Қазақ радиосының тікелей эфирінде №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы сұхбат берді

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы Заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің медицина саласына МӘМС жүйесі енгізілді. Бұл — денсаулық сақтау жүйесінің басты шығындарын жабатын, жаһандық қатерлі факторлардың алдын алатын басты іс болып табылмақ. Бұл жөнінде 2020 жылдың 13 қаңтарында қазақ радиосының тікелей эфирінде №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы Садыкова «Бірінші байлық» […]


Алатау ауданының әкімі кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 19  желтоқсан күні  «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  Шахмерден Рыспаев мырза №29 қалалық емхана қызметкерлерінен тұратын «Ақжүрек» бастауыш партия ұйымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Шахмерден Сыртбайұлы аудандағы медицина саласының бүгінгі жағдайы, мамандар мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы, қызметкерлерге жасалып жатқан жағдайлар, түйіткілді мәселелер туралы сөз қозғады,  «Ақжүрек» БПҰ қоғамдық қабылдауына […]


Тәуелсіздік күніне арналған танымдылығы мол, мағыналы іс-шара

Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 28 жыл болды. Жиырма сегіз жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында №29 қалалық емхананың мәжіліс залында Тәуелсіздік күніне арналған танымдылығы […]