Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

ХАЛҚЫМА МЕЙІР БЕРГЕН МЕЙІРБИКЕЛЕР, МЕРЕКЕЛЕРІҢІЗБЕН!

1974 жылдың 12 мамырынан  бері аталып келе жатқан бұл халықаралық мерекені — жыл сайын   денсаулық  сақтау саласындағы үлкен жауапкершілік жүктелген еліміздегі 130 мыңнан астам  мейірбикелер де атап өтеді. Солардың қатарында Алматы қаласындағы емдеу мекемелерінде қызмет атқаратын 12 мың  мейірбикелер де бар.     Бүгінгі   Мейірбикелер күнінде  мамандығым «Мейірбике» дегенді мақтанышпен айтатындардың қатарында қаламыздағы шет аудандардың бірі […]


БЛОК ПОСТТАМЫЗ

COVID-19 жұқпасы кең тарап кетпес үшін қалаға кіріп-шығуды қадағалау мақсатында Алматы қаласының жиырмадан астам аймағында шектеу бекеттері ұйымдастырылғаны белгілі. Оған дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да қорғаныс, тазалық пен құқық қорғау ісіне жауапты сала өкілдері тартылған болатын. Қазіргідей сын сағатта карантин тәртібін қатаң қадағалау оңай жұмыс емес. Ел – жұрттың амандығын кірпік қақпай күзетіп жүргендердің […]


БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

№29  қалалық емхана емделушілері осы күндері өз отбасы мүддесінен  өздерінің дәрігерлік міндеті мен халық денсаулығын жоғары қойып, жұмыста жүрген қызметкерлерін бүгінгі күннің батырлары деп мақтаныш тұтады, оның дәлелі тұрғындарымыздың қызметкерлерге жазған жүздеген алғыстары. Иә,  короновирус індетіне байланысты Алматы қаласына кіріп, шығуға шектеу қойып, қалаға карантин жарияланған  уақытта кезекті еңбек демалысын алып, болмаса  шектеу тәртібін сылтау […]


Жанұялық дәрігердің жүрегі

Еліміздегі COVID-19 жұқпасына байланысты орын алған жағдайға байланысты үлкен жауапкершілік  біздің дәрігерлердің мойнына да жүктеліп отыр. Халық денсаулығы алдындағы жауапкершілікті сезінген біздің  №29 қалалық емханада  Алматы облысына қарасты елді мекендерден  қатынап жұмыс істейтін  дәрігерлер мен мейірбикелер балаларын туыстарына табыстап, уақытша қалаға қоныс аударып, отбасының, халықтың денсаулығы үшін дәрігерлік қызмет көрсетуді жалғастырып, Алматы қаласының медицина қызметкерлері […]