Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ

1999

19 қаңтар – Президенттікке кандидат Н.Ә. Назарбаевты қолдау үшін Қоғамдық штабты «Отан» Республикалық партиясына қайта құру 

12 ақпан – «Отан» Республикалық саяси партиясы» ҚБ тіркеу 

1 наурыз – «Отан» РСП-ның I құрылтай съезі. «Отан» РСП-на Қазақстанның Халық бірлігі партиясының, Қазақстанның демократиялық партиясының, Қазақстанның либералдық қозғалысының, «Қазақстан – 2030 үшін» қозғалысының кіруі 

18 тамыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс II съезі

10 қазан – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау

«Отан» Республикалық саяси партиясының I съезі, 1999 жыл, Алматы қ. 

«Отан» РСП-ның мүшесі Н.Ә. Назарбаев куәлігінің көшірмесі, 1999 жыл, Алматы қ.

Н.Ә. Назарбаевтың партияға қабылдау туралы өтінішінің көшірмесі, 1999 жыл                

2000

4 қаңтар – «Жас Отан» партиясы Жастар қанатының құрылуы

2001

20 сәуір – «Отан» РСП-ның III съезі (Отан). «Отан» РСП-ның доктринасын қабылдау.

«Отан» Республикалық саяси партиясының III Съезі, 2001 жыл, Алматы қ.

2002

9 қараша – «Отан» РСП-ның кезектен тыс IV съезі. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған партиялық бағдарламаны бекіту. Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясының, республикалық саяси Еңбек партиясының «Отан» РСП-ның құрамына кіруі 

2003

12 шілде — «Отан» РСП-ның кезектен тыс V съезі

2004 

12 наурыз – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VI съезі 

18 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс VII съезі

19 қыркүйек – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау

«Отан» Республикалық саяси партиясының VII съезі, 2004 жыл, Алматы қ. 

2005

31 мамыр – «Отан» партиясы Орталық аппаратының Алматыдан Астанаға көшуі

9 қыркүйек — «Отан» РСП-ның кезектен тыс VIII съезі

қараша — «Отан» РСП-ның қоғамдық қабылдауларын ашу

«Отан» Республикалық саяси партиясының VIII съезі, 2005 жыл, Алматы қ. 

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратының ғимараты, 

2007 жыл, Астана қ.

2006

4 шілде – «Отан» РСП-ның кезектен тыс IX съезі, «Асар» партиясымен бірігуі 

22 желтоқсан – «Отан» РСП-ның кезектен тыс Х съезі. Азаматтық және Аграрлық партиялардың қосылуы. «Отан» РСП-ның атауы «Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы болып өзгертілді

«Отан» Республикалық саяси партиясының IX кезектен тыс съезі, 2006 жыл, Астана қ.

«Отан» Республикалық саяси партиясының кезектен тыс Х съезі, 2006 жыл, Астана қ.

2007

4 шілде – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XI съезі

18 тамыз – ҚР Парламенті Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы

11 қыркүйек – «Нұр Отан» ХДП-ның Парламентаризм институтын құру (қазіргі – «Нұр Отан» ХДП-ның Стратегиялық бастамалар институты)

«Нур Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының XI съезі, 2007 жыл, Астана қ.

2008

3 наурыз – партия жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылды

14 мамыр – «Жас Отан» Жастар қанатының I съезі 

25 қараша – партияның Орталық аппаратының Партиялық бақылау комитеті құрылды (қазіргі – Партиялық бақылау қызметі)

«Нур Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының XI съезі, 2007 жыл, Астана қ.

2009

15 мамыр – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XII съезі

2010

26 мамыр – «Нұр Отан» ХДП-ның Жоғары партия мектебі құрылды (қазіргі – «Нұр Отан» партиясының Саяси менеджмент академиясы)

«Нұр Отан» партиясы Саяси менеджмент академиясының партиялық кадрларды қайта даярлау жаңа бағдарламасының тыңдаушылары, 2018 жыл, Астана қ. 

2011

12 қаңтар  «Қазақстан – 2020» Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясы құрылды (қазіргі – «Қазақстан 2050»)

11 ақпан – «Нұр Отан» ХДП-ның XIII съезі

25 қараша – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XIV съезі

«Нур Отан» Халықтық-Демократиялық партиясының XIII съезі, 2011 жыл, Астана қ.

Қазақстанның демократиялық күштерінің жалпыұлттық коалициясының отырысы, 

2018 жыл, Астана қ.

2012

27 қаңтар – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау

16 қараша – «Жас Отан» Жастар қанатының II съезі

14 желтоқсан – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы

«Жас Отан» Жастар қанатының II съезі, 2012 жыл, Астана қ.

2013

18 қазан – «Нұр Отан» ХДП-ның кезектен тыс XV Съезі. Партия доктринасын қабылдау. Партия ребрендингі: «Нұр Отан» ХДП атауын «Нұр Отан» партиясына ауыстыру

2014

11 қараша – «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдаған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бекітілген 

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы, 2014 жыл, Астана қ.

2015

11 наурыз – «Нұр Отан» партиясының XVI съезі

9 сәуір – «Жас Отан» Жастар қанатының кезектен тыс III съезі

   «Жас Отан» Жастар қанатының III кезектен тыс съезі, 2015 жыл, Астана қ.

2016

29 қаңтар – «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі»

20 наурыз  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау

«Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XVII съезі, 2016 жыл, Астана қ.

2017

3 қараша – партияның жаңғыртуына бастау берілген партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы, 2017 жыл, Астана қ.

2018

28-29 наурыз – «Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі

1 маусым – партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы

15 қараша – бастауыш партия ұйымдарының I форумы

«Жас Отан» Жастар қанатының IV съезі, 2018 жыл, Астана қ.

Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы, 2018 жыл, Астана қ.

Бастауыш партия ұйымдарының I форумы, 2018 жыл, Астана қ.

2019

27 ақпан – «Nur Otan» партиясының XVIII съезі. Партияның ребрендингі. Партияның 2030 жылға дейінгі «Әл-ауқаттық қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» атты жаңа бағдарламасын қабылдау

Description: C:\Users\g.ilyasova\Downloads\фото для нашей книжки\RUS30711+.jpg

«Nur Otan» партиясының XVIII съезі, 2019 жыл, Астана қ.

23 сәуір – «Nur Otan» партиясының XIX съезі. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің сайлауына партиядан кандидат ретінде ұсынылды.

21 тамыз – Партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы. «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жандандыру бағдарламасы жарияланды.

2020

25 қараша – «Nur Otan» партиясының ХХ съезі. Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы қабылданды.

«Nur Otan» партиясының ХХ съезі, 2020 жыл, Нұр-Сұлтан қ.

11 желтоқсан – «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезі. Жастардың өмір сүру деңгейі мен әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған 2025 жылға дейінгі «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.

2021

23 қараша – «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы. Партия Төрағасы «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын жария етті.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы, 2021 жыл, Нұр-Сұлтан қ.

30 қараша – 1 желтоқсан

«Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: сын-қатерлер, жетістіктер мен келешегі» атты халықаралық форум өтті.

Халықаралық форум, 2021 жыл, Нұр-Сұлтан қ.

21 желтоқсан – «Nur Otan» ауыл әкімдерінің сайлауында округтердің 87,5% жеңіске жетті.

2022

28 қантар – «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты «Nur Otan» партиясының Төрағалығына сайлау туралы Съезд қаулысы қабылданды.

«Nur Otan» партиясының ХХI съезі, 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қ.

1 наурыз – Кезектен тыс XXII Съезд барысында партия жаңа атауға ие болды – «AMANAT».

«Nur Otan» партиясының ХХII съезі, 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қ.

26 сәуір – «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезі, оның барысында «ADAL» партиясы қосылып, «AMANAT» партиясының жаңа төрағасы болып Ерлан Жақанұлы Қошанов сайланды.

«AMANAT» партиясының ХХIII съезі, 2022 жыл, Нұр-Сұлтан қ.

6 қазан – «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезі. Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің сайлауына партиядан кандидат ретінде ұсынылды. Партияның жаңа саяси тұғырнамасы қабылданды. 

«AMANAT» партиясының ХХIV съезі, 2022 жыл, Астана қ.

6 қазан – Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Халықтық Коалицияның форумы өтті.

Халықтық Коалицияның форумы, 2022 жыл, Астана қ.


Бөлісу: