Тіркелген халықтың назарына!
№29 қалалық емханада медициналық қызметтердің сапасын басқару бойынша қызметтерді жүзеге асыратын ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ жұмыс жасайды.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметінің мақсаты:
— пациенттердің қажетті көлемде уақытылы, сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті алуға құқықтарын қамтамасыз ету;
— «осы жерде және осы мезетте» қағидаты бойынша пациенттердің шағымдарын жедел шешуді қамтамасыз ету.
Егер СІЗ:
— көрсетілген медициналық қызметтің сапасына көңіліңіз толмаса;
— медициналық қызметкер тарапынан дөрекі қылық байқасаңыз;
— МӘМС және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін медициналық қызметкердің ақшалай қаражат бопсалауы фактісіне тап болсаңыз;
— сондай-ақ егер Сіз өз емханаңыздың жұмыс сапасын жақсартуға мұнан былай қатысуға ниет білдірсеңіз, онда Сіз ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІНЕ жүгінуге құқылысыз.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне ем алып жатқан пациенттермен бірге заңды өкілдері де жүгінуге құқылы.
Біздің ұйымда медициналық көмек алу кезінде сұрақтар туындаса, Сіз:
— 303-ші кабинетке (дүйсенбі-жұма сағат 08-ден — 17:00-ге дейін) медициналық қызметтердің сапасын бақылау жөніндегі директордың орынбасары Пернебаева Индира Шарипбековна;
— 111-ші кабинетке (дүйсенбі-жұма сағат 08-ден — 17: 00-ге дейін) сарапшы-дәрігер Абдукалиева Шолпан Шапиевнаға, Абилдаева Перизат Абаевнаға жүгіне аласыз;
— бірінші қабатта, тіркеу орнында орналасқан «шағымдар мен ұсыныстар» жәшігіне өзіңіздің жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз;
— біздің сайттағы https://gp29.kz/ «директордың блогы» айдарына үндеу жазып жібере аласыз;
— 351-29-18 сенім телефонына қоңырау шала аласыз;
— сондай-ақ, өтініштерге жылдам жауап алу үшін +7 700 640 29 11 нөміріне ватс апп арқылы хабарлама жіберсеңіз болады.
Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарастырып, өтінішіңізді қарастыру нәтижесі бойынша ақпаратты Өзіңізге ұсынады.
Біздің емханамен көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жақсартуға көмектесетін Сіздің өтініштеріңіз, пікірлер мен тілектеріңізге біз әрдайым риза боламыз.
Біздің ұйымның медициналық жәрдемінің сапасын жақсартуға көмектесетін пікірлеріңіз бен тілектеріңіз үшін біз Сізге алғысымызды білдіреміз.