Егер сәбидің анасында сүт болмаса, емхана сәбиге балалар қоспасын беру керек пе?
ОТВЕТ:
Балалар сүт қоспасы белгілі аурулармен немесе жағдайлармен амбулаторлық деңгейдегі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тұрғындарды тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіне кіреді (Денсаулық сақтау министрлігінің 04.11.2011ж. №786 бұйрығы). Арнайы сүт қоспасы берілетін аналар немесе балалар ауруларының тізбесін, Сіз аумақтық емханадағы ақпарат қабырғаларынан біле аласыз. Анада дәрігерлердің тіпті отбасының салған күшіне қарамастан нәресте туылған кезден бастап сүт болмауы немесе алғашқы гипогалактия сәбиді ерте аралас немесе жасанды тамақтандыруға ауыстырудың дара көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Емшек сүтін көбейту үрдісі әйелдің тек физикалық денсаулығы ғана емес, оның психологиялық жағдайына, оның жан тыныштығына тікелей байланысты. «Алғашқы гипогалактия» диагнозы сирек кездеседі. Сүт болмаудың қалған жағдайлары немесе сүт түзілудің екінші рет тартылуы қоспа жазып берудің қатысты көрсеткіші болып табылады, тегін сүт қоспасын жазып беру мәселесін аумақтық емхана комиссиялық түрде шешеді.
Қалалық ауруханалар қалада тіркелімі жоқ науқастарды көбінесе қабылдамайды. Не істеу керек?
ОТВЕТ:
Жедел жәрдем қалалық ауруханалармен Қазақстанның барлық азаматтарына тұратын жеріне тәуелсіз көрсетіледі. Жоспарлық медициналық көмек басқа қалалық азаматтарға тұратын жер өңіріндегі емхананың жолдауымен «Емдеуге жатқызу портал бюросы» ақпараттық жүйесі арқылы көрсетіледі.
№086/у үлгісіндегі «Медициналық анықтама» медициналық құжаттамасы
ОТВЕТ:
№086/у үлгісіндегі «Медициналық анықтама» медициналық құжаттамасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы құжаттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілді және талапкерлер мен жұмысқа орналасушыларға толтырылады.
ҚР Үкіметінің 2009жылғы 30 қыркүйектегі №2299 «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызмет көрсету ережесі мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес – оқуға түсу және жұмысқа орналасу үшін азаматтарды медициналық тексеру ақылы негізде жүргізіледі.
Таңдалған емханаға тіркелу тәртібі қандай?
ОТВЕТ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.11.2011ж. №1263 «Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсету Ережелерін және Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына азаматтарды тіркеу Ережелерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, азаматтарды МСАК ұйымдарына тіркеу тұрғылықты немесе уақытша тұратын жері, жұмыс, оқу орны бойынша бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі медициналық ұйымдағы дәрігерді еркін таңдау есебімен жүзеге асады. Азамат тек бір ғана МСАК ұйымына тіркеледі. Демек, Сіз бұрынғы тұрған мекенжайыңыз бойынша емханадан тіркелімнен шығарылу талонын аласыз және қазіргі тұрып жатқан жеріңіз бойынша емханаға тіркелесіз. Азаматтардың МСАК ұйымдарына тіркелуі еркін түрде жазылған өтініш және тіркелген тұрғындар саны нормативіне сәйкес жеке куәлік негізінде жүзеге асады.
Экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) жасауға кезекке тұру үшін:
ОТВЕТ:
1. Алматы қаласының тұрғыны болу керек (тіркелімі);
2. Тіркелген тұрғындар Тіркелімі (ТТТ) бойынша Алматы қаласының бір емханасында тіркелімі болу керек;
3. Гинекологта немесе қуықасты бедеулік бойынша урологта диспансерлік есепте тұру қажет;
4. Тиісті тексерулерден өту керек және ЭКҰ ұсынумен репродуктологтың тұжырымы қажет;
5. Алматы қаласы бойынша ЭКҰ-ға кезекке тіркелу керек.
Сіз тексеру бойынша толық ақпаратты, тіркелген орныңыз бойынша әйелдер кеңесі меңгерушісінен ала аласыз.
Ғылыми-зерттеу институтында емделуге қалай квота алуға болады?
ОТВЕТ:
Республикалық клиникалардағы жоспарлық жоғары мамандандырылған медициналық көмекке жолдау үшін, денсаулық сақтау басқармасында аумақтық емхана қажетті құжаттарды ұсынады (жолдама, пациентке жүргізген зертханалық-құрал-саймандық зерттеулер нәтижесімен шығару қағазы, клиника маманының кеңестік тұжырымы). Құжаттарды көрсеткен жағдайда олар комиссиялық түрде қаралып «Емдеуге жатқызу порталы» ақпараттық жүйесіне енгізіледі және емхана пациентке госпитализацияның нақты мерзімі көрсетілген жолдаманы береді.
Жүктілік бойынша есепке алу үшін не қажет?
ОТВЕТ:
«Медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына (МСАК) азаматтарды тіркеу ережесі» туралы ҚР Үкіметінің 01.11.2011ж.№1263 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы әр азаматының тек бір ғана емханаға тіркелуіне құқығы бар. Жүкті әйелдер тіркелген орны немесе нақты тұратын жері бойынша емханаға қаралу керек.
Сондай-ақ бұрынғы емханадан есептен шығып және таңдалған емханаға тіркелгеннен кейін ғана еркін таңдау құқығымен жүктілік бойынша есепке тұруға болады. Бұл ретте дәрігерлер мен орта медициналық персоналдар қатаң қызмет ету аумағы бойынша жұмыс істегендіктен, сондай-ақ бір емхана медициналық персоналының қызмет ету аумағынан тыс жерде тұратын тұлғаларға үй жағдайында медициналық қызмет көрсетуге құқығы мен мүмкіншілігі жоқ болғандықтан, Сіз дәрігерді үйге шақырта ала алмайсыз.
Нақты тұрғылықты жері бойынша жүкті әйелдерді тіркеу жүкті әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге және жаңадан туылғандарға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету қажеттілігімен тікелей байланысты. Үй жағдайында медициналық қызмет көрсеткен кезде тұрмыс жағдайы, отбасы мүшелері, жүкті әйелмен бірге тұратын адамдар саны анықталады, осыдан кейін отбасыда туберкулездің алдын алу үшін 15 жастан жоғары тұлғалардың флюорографиялық тексерілуі қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен келген жүкті әйелдерде Алматы қаласының емханаларында есепке тұру үшін өзімен бірге есептен шығару талоны, ауыстыру картасы және амбулаторлық картасы болу керек.
Қазақстан Республикасының азаматына жатпайтын жүкті әйелдер Алматы қаласының емханаларында ақылы негізде тексеріле алады. Бұл үшін ҚР Үкіметінің 30.12.2009ж. №2299 «Денсаулық сақтау ұйымдарында ақылы қызметтерді көрсету ережелері мен шарттарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес ақылы қызметтерді көрсетуге типтік Шарт жасалуда және бекітілген баға көрсеткіші бойынша қызмет көрсету құны анықталуда. Қызмет құны есепке алу жағдайында және зертханалық пен диагностикалық қызмет өткізу үшін көрсеткіштері негізінде жүктілік мерзіміне байланысты болады.
Барлық мәселелерді тез шешу үшін емхана әкімшілігіне жүгінуіңіз керек.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 29.09.2009ж. ҚР Кодексінің 4 бабында келесі кағидаттар негізінде жүргізілетін денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат анықталды:
1) қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмек алуға азаматтардың тең құқығын қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың жеке және жалпы денсаулық сақтауға ортақ жауапкершілігі;
3) ана мен бала денсаулығын қорғау;
4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамсыз ету;
5) денсаулық сақтау жүйесінде профилактикалық бағыттың басымдылығы;
6) доступности медицинской помощи;
16) салауатты өмір салтын қалыптастыру мен дұрыс тамақтануға көмек көрсету;
Сондай-ақ 90 бапта (Азаматтардың, жеке кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың міндеттері) көрсетілген:
1. Азаматтар міндетті:
1) өз денсаулығын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласында профилактикалық медициналық тексерулерден өтуге;
3) өз және қоршаған орта денсаулығын қорғау бойынша сақтық шараларын сақтау және медициналық ұйымдар талабы бойынша тексерулер мен емдеулер өткізу, жұқпалы аурулар мен қоршаған ортаға қауіп келтіретін аурулар кезінде өз ауруы туралы медициналық қызметкерлерді ақпараттандыру;
4) қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар тексерілмеген және емделмеген жағдайда қолданыстағы ҚР Кодексіне және басқа да ҚР заңдарына сәйкес мәжбүр ету тәртібінде куәландыруға тартылады;
5) қоршаған ортаға қауіп төндіретін аурулармен ауыратын азаматтарды мәжбүрлі емдеуге жолдау негізі мен тәртібі қолданыстағы Кодекске сәйкес жүзеге асады;
6) денсаулық сақтау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтауға міндетті.
Бұдан бөлек, осы баптың 2 тармағында анықталған: жүктіліктің 12 аптасына дейінгі жүкті әйелдер медициналық есепке тұруға міндетті.
Жүктілік бойынша (12 аптаға дейін) есепке тұру үшін ерте өтінім беруге көтермелеу қолданыстағы ҚР заңнамасында анықталмады.
Жүкітілік және босану бойынша еңбекке жарамсыздық парағын беру тәртібі қандай?
ОТВЕТ:
«Уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізу, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын және анықтамасын беру ережесі» туралы ҚР Үкіметінің 31.10.2011ж. №2141 қаулысы бойынша тұлға бірнеше жұмыс берушіде жұмыс істесе, онда оған уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жұмыс берушінің атауымен әр жұмыс орны бойынша беріледі.
Жүктілікпен және босанумен байланысты әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (парақтары) Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлем жүргізуді жүзеге асыру үшін беріледі.
Жүктілік және босану бойынша уақытша жарамсыздық туралы парақ пен анықтамаларды беру келесі тәртіпте іске асады:
1) жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын медицина қызметкері (акушер-гинеколог дәрігер), ал ол болмаған жағдайда – жүз жиырма алты күнтізбелік күн (босанғанға дейін жетпіс күнтізбелік күн және босанғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн) ұзақтығымен жүктіліктің отызыншы аптасында ДКК қорытындысынан кейін бөлімше меңгерушісімен бірлесіп, жалпы қабылдау жүргізетін дәрігер береді.
Ядролық сынаулар әсеріне ұшыраған аумақтарда тұратын әйелдерге жүктілік пен босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктіліктің жиырма жеті аптасынан бастап қалыпты жағдайда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың жалпы ұзақтығы жүз жетпіс күнге және жүз сексен төрт күн – асқынулары бар босанулар немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда беріледі.
2) Жүктілігі мен босану демалысы кезеңінде тұрақты мекен-жайынан уақытша кеткен әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы босанған жеріндегі медициналық ұйымда немесе әйелдер консультациясында (кабинетінде) босандыру ұйымының жазбасына (ауыстыру картасына) сәйкес бақылау орны бойынша беріледі.
3) Асқынып босанған, екі және одан да көп бала тірі туған жағдайда жүктілігі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы әйел босанған денсаулық сақтау ұйымы немесе босандыру денсаулық сақтау ұйымының шығару қағазына сәйкес бақылау орны бойынша әйелдер консультациясында (кабинетте) демалыстық барлық кезеңіне он төрт күнтізбелік күнге созылады. Босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалыстың жалпы ұзақтығы жүз қырық күнтізбелік күнге беріледі.
4) Жиырма екі мен жиырма тоғыз апталық арасында тірі бала туғанда немесе дене салмағы бес жүз және одан артық грамм болатын, туғаннан кейін жеті тәуліктен астам өмір сүрген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша жетпіс күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтама беріледі.
Жиырма екі мен жиырма тоғыз апталық арасында өлі сәбиді туған жағдайда немесе дене салмағы бес жүз не одан артық грамм болатын, туғаннан кейін жеті тәулікке дейін шетінеген жағдайда әйелге босану фактісі бойынша елу алты күнтізбелік күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы және анықтама беріледі;
5) Жиырма екі мен жиырма тоғыз апталық мерзімінде тірі сәбиді туған жағдайда және дене салмағы бес жүз грамм болатын, жеті тәуліктен аса өмір сүрген жағдайда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған өңірлерде тұратын әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасы 91 күнге беріледі. Өлі сәбиді немесе өмірінің жетітәулігіне дейін шетінеген сәбиді туған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасы жетпіс жеті күнтізбелік күнге беріледі.
6) Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы немесе 3 жасқа дейін бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын демалысы мерзімінде әйелдердің жүктілігі болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық парағы мен анықтамасы жүктілік және босану бойынша барлық демалыс күндеріне беріледі.
Сұрақтар мен жауаптар: