Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Алматы қаласының №29 қалалық емханасына тіркелген құрметті емделушілер!

Сізді профилактикалық медициналық тексеруден өтуге шақырамыз (скрининг). СКРИНИНГ – арнайы жастағы тұлғаларды қауіпті факторлар мен ерте анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру мен аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық медициналық тексеру.

 2024     ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СКРИНИНГТІК КӨЛЕМ

·       — Мінез-құлық қауіп факторларын ерте анықтауға: 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер,  артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті, глаукома, онкологиялық патология бойынша скринингтен өтеді.

·        — Артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға арналған профилактикалық медициналық тексеру антропометриялық өлшемдер жасалаы (бой, дене салмағы, бел айналасы), 40-тан 70 жасқа дейінгі артериялық гипертониямен, жүректің ишемиялық ауруымен және қант диабетімен динамикалық бақылауда тіркелмеген ерлер мен әйелдер үшін қан қысымын өлшеу, холестерин мен қандағы глюкоза деңгейін анықтау, көрсеткіштерге сәйкес кардиологтың, эндокринологтың электрокардиографиялық зерттеуі.

·       — Глаукоманы ерте анықтауға, глаукомамен динамикалық бақылауда тұрмайтын 40-70 жастағы ерлер мен әйелдер,офтольмологты – көрсеткіштеріне сәйкес.

·           — B және С гепатиттерін ерте анықтауға, қауіп топтары: 1. медицина қызметкерлері: — қанды өңдеуге қатысатын инвазивті ем-шараларды жүргізетін, гемодиализбен айналысатын қан қызметі ұйымдары; — хирургиялық, стоматологиялық, гинекологиялық, акушерлік, гематологиялық бейіндер, сондай-ақ диагностика мен емдеудің инвазивті әдістерін жүргізетін; — клиникалық, иммунологиялық, вирусологиялық , бактериологиялық, паразитологиялық зертханалар; 2. жоспарлы және шұғыл операциялық араласуларға түсетін адамдар; 3. гемодиализ, гематология, онкология, транспланттау, жүрек-тамыр және өкпе хирургиясы орталықтары мен бөлімшелерінің пациенттері; 4. гемотрансфузия, ағзаларды, тіндерді, жыныстық, фетальдық, дін жасушаларын және биологиялық материалдарды транспланттау және ауыстырып қондыруды алатын пациеннтер; 5. жүкті әйелдер; 6. инъекциялық есірткіні қолданатын адамдар, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер, секс қызметкерлері.

Бұл зерттеулер жүрек-тамыр аурулары, қант диабеті, глаукома және олардың қауіп факторлары, гепатиттің алғашқы кезеңдерін, ауруларды жеңу және қауіпті асқынулардың алдын алу: инсульт, инфаркт, соқырлықтың алғашқы кезеңдерін анықтайды.

Қатерлі ісік ауруының пайда болуына ықпал ететін, сонымен қатар дамуының алғашқы кезеңдерінде бірдей диагноз қоюға мүмкіндік беретін патологиялық өзгерістерді анықтау үшін:

• жатыр мойны обырын ерте анықтау үшін, 30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге арналған жатыр мойнының жағындысын цитологиялық зерттеу, акушер-гинекологтың тексеруі, кольпоскопия — көрсеткіштерге сәйкес тексеру;

• сүт безінің қатерлі ісігін ерте анықтау үшін, 40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдерге сүт бездерін рентгендік зерттеу (маммография), маммолог, онкологтың қарауы — көрсеткіштерге сәйкес тексеру;

·    50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде колоректальды обырды ерте анықтау, окклюзиялық қанға нәжісті тексеру, хирург, проктолог, гастроэнтерологтың тексеруі, жуан ішек пен тік ішектің эндоскопиялық зерттеулері (колоноскопия).

Скрининг өту үшін профилактика және психологиялық-әлеуметтік көмек бөліміне келесіз — кабинет нөмері 105, 103 , дүйсенбі-жұма сағат 08.00-ден — 18.00-ге дейін.


Бөлісу: