БЛОК ПОСТТАМЫЗ

COVID-19 жұқпасы кең тарап кетпес үшін қалаға кіріп-шығуды қадағалау мақсатында Алматы қаласының жиырмадан астам аймағында шектеу бекеттері ұйымдастырылғаны белгілі. Оған дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да қорғаныс, тазалық пен құқық қорғау ісіне жауапты сала өкілдері тартылған болатын. Қазіргідей сын сағатта карантин тәртібін қатаң қадағалау оңай жұмыс емес. Ел – жұрттың амандығын кірпік қақпай күзетіп жүргендердің қатарында  №29  қалалық емхананың  медицина қызметкерлері Қарлығаш Қаниева, Інжу Ерланқызы, Әлімжан Аблахунов, Ержігіт Әшенов, Ерсұлтан Амангелді де бар. Олар төтенше жағдайға байланысты отбасыларын уақытша тастап, жұмыста қалуды жөн көрген өздерінің антына адал жандар.


Бөлісу: