Бас дәрігер есеп берді

2020 жылдың 27 ақпан күні №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы 2019 жылғы жұмысы жөнінде Қадағалаушы Кеңес пен емхана ұжымы алдында жылдық есеп берді.

Баяндама жасаған бас дәрігер А.Садықова емхана қызметкерлерінің басты мақсаты – сапалы қызмет көрсету, кәсібилік, жауапкершілік екеніне тоқталды. Емхананың жұмыс жүргізу саясатына тоқталып, ондағы бастапқы медициналық қызмет көрсету сапасы мен профилактикалық, яғни аурудың алдын алу шараларын жақсарту, ауруды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін арттыру мәселелеріне де жан-жақты тоқталып, 2020 жылы медициналық персоналға тағайындалған перспективалар мен тапсырмаларды ұсынды. Сондай-ақ  қаржы-қаражат мәселелерін де есепті жиынға қатысушыларға түсіндіріп, жиын барысында қойылған сауалдарға жауап берді.

Қорытындылай келе, Ақмира Маханбетқалиқызы болашақта қандай бағытта жұмыс істейтінін түсіндіріп, 2019 жылы атқарылған жұмыстары үшін ұжымға алғысын білдірді.



Бөлісу: