Денсаулық бәрі емес, бірақ денсаулықсыз бәрі – түк те емес!

Дүниежүзілік адам папилломасы вирусына қарсы екпе күніне (4 наурыз) орайластырылған «Біз салауатты болашақты таңдаймыз!» Ұлттық бағдарламасы аясында, ағымдағы жылдың 4 наурыз күні №29 қалалық емхананың акушер-гинеколог дәрігері Налибаева А.К.4 курс студенттерімен «Денсаулық бәрі емес, бірақ денсаулықсыз бәрі – түк те емес!» ұранымен, «Жатыр мойнының қатерлі ісігі» туралы тақырыпта семинар-тренинг өткізді.

Адам папилломасының вирустары (АПВ) — жыныс жолдарының ең кең таралған вирустық инфекциясын қоздырғыштар. Көптеген әйелдер мен ерлер жыныстық өмір басталғаннан кейін АПВ жұқтырады. АПВ инфекциясы жыныстық қатынас кезінде ағзаға енбей ауру жұқтырса да, жыныстық жолмен берілетін ауруларға жатады. Жыныс мүшелерінің жанасуы кезінде де вирустың берілуінің орын алғаны белгілі.

Жатыр мойны обырының АПВ-мен байланысты аурулардың ішінде ең көп таралғандығында ешқандай күмән жоқ. Жатыр мойны обырының барлық дерлік жағдайлары АПВ-инфекциясынан туындаған.

Дүниежүзілік адам папилломасы вирусына қарсы екпе жасау күніне орайластырылған Ұлттық бағдарламаның негізгі мақсаты АПВ қарсы екпеге дұрыс қарауды қалыптастыру жолымен халықтың денсаулығын сақтау және нығайту, жатыр мойны атипті жасушаларына скринингтік тексерулерден уақтылы өту қажеттілігі және алдын алудың неғұрлым тиімді әдісі ретінде обыр алды зақымданулардың болуы, жыныстық қатынастың ерте басталуының алдын алу туралы халықтың хабардар болуын арттыру болып табылады.


Бөлісу: