Еліміздегі COVID-19 жұқпасына байланысты орын алған жағдайға байланысты үлкен жауапкершілік біздің дәрігерлердің мойнына да жүктеліп отыр. Халық денсаулығы алдындағы жауапкершілікті сезінген біздің №29 қалалық емханада Алматы облысына қарасты елді мекендерден қатынап жұмыс істейтін дәрігерлер мен мейірбикелер балаларын туыстарына табыстап, уақытша қалаға қоныс аударып, отбасының, халықтың денсаулығы үшін дәрігерлік қызмет көрсетуді жалғастырып, Алматы қаласының медицина қызметкерлері […]
Айымторе бала кезінен ақ халат киген дәрігер болуды армандаған еді. Бірақ жоғары оқу орына түсу мүмкіндігі болмаған ол Өзбекстанның Бұқара қаласындағы Авиценна медициналық коледжінің мейірбике ісі бөліміне оқуға түседі. Оқуды бітірген 1977 жылы оны күні кешеге дейін картаға аты түспеген жасырын қала Газилидегі эпидорталыққа жолдамамен жібереді Орталық мамандарының барлығы Мәскеу мен Ленинград қазіргі Санкт-Петербург қаласынан […]
Жаңа ғана мектеп бітіріп, әлі оң-солын танып үлгермеген Гүлнұрының акушер боламын дегенін естігенде, анасы Тіллақыз таңырқай қойған жоқ. Өйткені, ол бала кезінен дәрігер болып ойнайтын. Учаскелік мейірбикелер келе қалса, солардың құрал-жабдықтарын ұстап көріп, қызығушылық танытатын. Олар кете салысымен ойыншықтарын тізіп қойып, өзі қолдан жасап алған шприцтермен оларға укол салып, дәрі беріп ойнайтын-ды. Сөйтсе, бұл бала Гүлнұрдың […]