Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

«Қант диабеті» мектебі

Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл аурудың бастапқы кезеңдері іс жүзінде асимптоматикалық болып табылады. Яғни адам ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді. Ал оны анықтаудың жалғыз жолы – қан глюкозасының деңгейін анықтау. Қант диабетімен ауыратын науқастарда инфаркт, инсульт қауіпі артады. Қант диабетінің жиі кездесетін асқынулары – […]


«Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық патриоттық тақырыбында диктант

Мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасына қарасты ШЖҚ «№29 Қалалық емхана» МКК ұжымы «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық тақырыбында диктант жазды.


Ашық есік күні

Құрметті пациенттер! 04.05.2023 жылы №29 Қалалық емханаға  тіркелген тұрғындарға  арналған «Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі» атты жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға арналған Ашық есік күні өтеді. Ашық есік күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін барлық ниет білдірген пациенттер кардиолог-дәрігер Курамысова Гүлжанат Қайредденқызыныңжеке кеңесін ала алады. Өтетін орны: Зерделі ықшам ауданы, 371/3, №29 ҚЕ, 427 кабинет.


Еуропалық иммундау апталығы

ДДҰ-ның еуропалық аймағы аурудың алдын-алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу үшін жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді. 2023ж. 24– 30 сәуір аралығында денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізілді. Вакцинация – халық денсаулығының ең үлкен жетістіктерінің бірі. […]


Жалпықалалық сенбілік

22 сәуір Халықаралық жер күніне орай «Almaty Clean & Green» ұйымымен Алматы қаласында  жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қоғамдық жұмысқа №29 Қалалық емхана қызметкерлері де белсене ат салысты. Сенбілік барысында емхана аумағы  жан-жақты тазартылып, сыпыру, қоқыстарды жинау жұмыстары  жүргізілді. Сонымен қатар аумақты тазалық жұмысы жүргізілген нүктелерге кезекші медициналық бригадалар жолданып, алғашқы көмек көрсету қызметімен қамтамасыздандырылды. Сенбіліктер — […]