Жалпықалалық сенбілік

22 сәуір Халықаралық жер күніне орай «Almaty Clean & Green» ұйымымен Алматы қаласында  жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Қоғамдық жұмысқа №29 Қалалық емхана қызметкерлері де белсене ат салысты.

Сенбілік барысында емхана аумағы  жан-жақты тазартылып, сыпыру, қоқыстарды жинау жұмыстары  жүргізілді.

Сонымен қатар аумақты тазалық жұмысы жүргізілген нүктелерге кезекші медициналық бригадалар жолданып, алғашқы көмек көрсету қызметімен қамтамасыздандырылды.

Сенбіліктер — тұрғындардың қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениет қалыптастыруға және санитарлық жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізуде.

Емхана аумағының тазалығы үшін  үлес қосқан қызметкерлерге алғысымызды білдіреміз.


Бөлісу: