Құрметті тұрғындар!

ҚҰРМЕТТІ ТҰРҒЫНДАР!

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес:

    14 жасқа дейінгі БАЛАЛАР  тегін стоматологиялық көмекті Гоголь көшесі 172, Байзақов к-сінің бұрышында орналасқан   Балалар стоматологиялық  емханасында  алады.

     ЕРЕСЕК ҚАЛА ХАЛҚЫ (жасөспірімдер; «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, сонымен қатар I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көп балалы аналар; Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері; мүгедектер) тегін стоматологиялық көмекті Прокофьев к-сі 18, Төле би к-сінің бұрышында орналасқан Қалалық стоматологиялық емханадан алады.

№ 29 ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНА СІЗДЕРГЕ 2017 ЖЫЛДЫҢ 3 СӘУІРІНЕН БАСТАП СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТЕК АҚЫЛЫ НЕГІЗДЕ ҒАНА ЖҮРГІЗІЛЕТІНІН ХАБАРЛАЙДЫ.

Стоматологиялық қызметтердің баға көрсеткіші (прейскурант) біздің www.gp29.kz  сайтымыздың «Ақылы қызметтер» бөлімінде және 3-ші қабаттың фойесінде, стендте орналасқан.

ӘКІМШІЛІК


Бөлісу: