Айымторе бала кезінен ақ халат киген дәрігер болуды армандаған еді. Бірақ жоғары оқу орына түсу мүмкіндігі болмаған ол Өзбекстанның Бұқара қаласындағы Авиценна медициналық коледжінің мейірбике ісі бөліміне оқуға түседі. Оқуды бітірген 1977 жылы оны күні кешеге дейін картаға аты түспеген жасырын қала Газилидегі эпидорталыққа жолдамамен жібереді Орталық мамандарының барлығы Мәскеу мен Ленинград қазіргі Санкт-Петербург қаласынан келген мамандар болғандықтан оған бастапқыда бұл орталықта жұмыс істеу оңайға түскен жоқ. Ол күндерін еске алса қазір езу тартып күледі де « Смотри», «Делай» деген бұйрықты бұлжытпай орындап жүріп, кез-келген төтенше жағдайларда көмек қолын соза білетін мейірбике болып алдым, – дейді ол сонау жылдардағы алғашқы еңбек жолын есіне алып.
Төтенше жағдай демекші Айымторе Түрікменстан мен Ауған шекарасындағы қақтығыс алаңында жауынгерлерге медициналық қызмет көрсетуге барған алғашқы мейірбике қыздардың бірі. Айымторе шекараға келген жиырма тоғыз күн ішінде ауған тілін үйреніп алады. Тіл білгеннің көмегін талай рет көрді де. Бірде ол жараланып жатқан ауған жауынгерін көреді. Ауған тілінде оған көмектескісі келетінін айтқанда, жаңа ғана атылатын әбжыландай жауына қарай атылардай болып жанталасып жатқан ауғандық жауынгері Айымтореге алғысын айтып, жөніне кетіпті. Әскери өмірде мұндай іс-қимылдарды ерлікке балайтын болса, Айымторе Жеңісбекқызының ерлікке пара –пар істері көп. Оның дәрігердің қолынан келмеген жарақатты орына келтірген батылдығы үшін оны әріптестері дала хирургы деп атап кеткен-ді. Сол дала хирургы 1995 жылы туған топырағына оралып, сүйікті ісін жалғап келеді. 1995 жылдан бастап қаламыздағы №1 қалалық клиникалық балалар ауруханасында, Алматы қалалық Перинатология және балалар хирургиясы орталықтарының хирургия бөлімдерінде қызмет атқарса, қазір ашылғанына биыл бес жыл болатын №29 емхананың хирургия бөлімінде мейірбике болып қызмет етіп келеді. Жоғары санатты маман. Бөлімге келген әрбір емделуші оның қызметі мен адамға деген ықыласына дән риза. Орта біліммен шектеліп қалғысы келмеген Айымторе Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетінің педагогикалық-психология факультетін де бітіріп алады. Ол қазір адамдарға псхологиялық жағынан да көмек беріп, жаны жүдеп жүргендерді жылы сөзімен жұбатып та жүр. Осы психолгия факультетенде оқып жүргенде оны адам миының фмизиологиясы қатты қызықтырған еді. Қазақстанда адам миын зерттейтін лаборатория ашылса бірінші болып осы орталыққа жұмыс істеу үшін өтініш жасар едім дейді зейнетке шықса да өз ісінен жалықпай қызмет етіп жүрген жоғары санатты Мейірбике Айымторе Сатова. Армандар орындалады дейтін еді ғой, Айымторе Жеңісбекқызының ол арманының орындалуына тілектестігімізді білдіре отырып үш баланың анасы, қала тазалығына жауапты «Тәртіп» мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істейтін Аман Рахманұлының сүйікті жары Айымторе Жеңісбекқызын ұжым атынан 8-наурыз Халықаралық Әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз. Мерекеңізбен өз ісінің еңбекқор ісі атанған Айымторые ханым!