Еліміздегі COVID-19 жұқпасына байланысты орын алған жағдайға байланысты үлкен жауапкершілік біздің дәрігерлердің мойнына да жүктеліп отыр. Халық денсаулығы алдындағы жауапкершілікті сезінген біздің №29 қалалық емханада Алматы облысына қарасты елді мекендерден қатынап жұмыс істейтін дәрігерлер мен мейірбикелер балаларын туыстарына табыстап, уақытша қалаға қоныс аударып, отбасының, халықтың денсаулығы үшін дәрігерлік қызмет көрсетуді жалғастырып, Алматы қаласының медицина қызметкерлері жариялаған «Мен Сіз үшін жұмыста қалдым, Сіз мен үшін үйде болыңыз!/ Я ради Вас остался на работе, Вы ради меня останьтесь дома!/I stayed at work for You, You stay at home for us!» атты үндеуіне үн қосуда.
Осы үндеу арқылы ақ халатты абзал жандар әр адамды өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, қауіпті дертке қарсы бірлесе күресуге шақырады. «Бірлік барда алынбайтын қамал жоқ» деп Елбасымыз айтқандай, бірлікте болайық, бірге болайық, — дейді №29 емхананың дәрігерлері мен мейірбикелері.