2019-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Жүйке-бұлшықет аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі Жол картасының 12-ші тармағын орындау шеңберінде, №29 қалалық емхана психологы Долженко Г.П., салауатты өмір салтының мейірбикесі Қуат Қ.Қ. Республикалық жоғары медициналық колледжінің 3 курс студенттерімен бірлесіп, халық арасында жүйке-бұлшықет ауруларын диагностикалау және емдеу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Нерв-бұлшықет аурулары (НБА) – бұл бұлшықет қызметінің бұзылуымен, көбінесе оның әлсіздігімен сипатталатын аурулар тобы.
Нерв-бұлшықет аурулары: бұлшықет аурулары, перифериялық нерв аурулары, нерв-бұлшықет қосылысының аурулары және мотонейрон аурулары (жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалмалы нерв жасушалары) болып бөлінеді.