«Салауатты қала — салауатты қала тұрғындары үшін!» атты кең ауқымды акция

«Салауатты қала — салауатты қала тұрғындары үшін!» атты кең ауқымды акция

 Жыл сайын қаланың медицина қызметкерлері әмбебап базарлар мен сауда ойын-сауық орталықтарының жұмыскерлері арасында профилактикалық тексерулер жүргізеді.

Алматы қаласының әмбебап базарлары (Болашақ, Кенжехан) жұмыскерлеріне профилактикалық тексеруді ұйымдастыру мақсатында  2018 жылдың 4,5 шілдесінде Алатау ауданының Аудандық медицина бірлестігі мен Алатау ауданының емханаларының (ҚЕ №25,22,14,23,29) медицина қызметкерлері «Салауатты қала — салауатты қала тұрғындары үшін!» атты кең ауқымды акцияға қатысты. Акцияның  мақсаты — созылмалы ауруларды, онкологиялық ісіктерді ерте сатысында уақтылы анықтау болып табылады.

Көшпелі профилактикалық скрининг төмендегілердің құрамындағы жылжымалы медициналық кешенмен жүргізілді: әр түрлі бейіндегі мамандар: терапевт, жалпы практика дәрігері, онколог-маммолог, кардиолог, окулист, невропатолог, психолог, дермато-венеролог, ЖИТС орталығы маманы; зертханалық және аспаптық зерттеулер; әмбебап базарлардың жұмысшыларымен дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді; өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық санатына жататын базар жұмыскерлері арасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарыда жүргізілді.

Сондай-ақ әмбебап базарлардың қызметкерлері медициналық тіркеушілердің көмегімен Тіркелген халық тіркелімі (ТХТ) арқылы өздерінің емханаларын анықтай алды.


Бөлісу: