«Мектепке жол» акциясы өтті

«Мектепке жол» акциясы өтті

2018 жылдың 29 тамызында жаңа оқу жылының қарсаңында № 29 қалалық емхананың мәжіліс залында, «Мектепке жол» дәстүрлi акциясы шеңберінде, медициналық қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін салтанатты  іс-шара мен сыйлықтар беру рәсімі өтті.

«Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалының өкілі Есенбай Қ. және емхананың бас дәрігері Садыкова А. жас ұрпаққа тілектерін білдіріп, бірінші-сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етті.

Кішкентай бүлдіршіндерге күлкі, қуаныш сыйлай білгені үшін капитан Америка және фея ертегісіндегі кейіпкерлерді сомдаған актерлерге ризашалағымызды білдіреміз!


Бөлісу: