Ұлы дала елордасы – Астана қаласының туған күніне орай өткізілген дөңгелек үстел

Ұлы дала елордасы – Астана қаласының туған күніне орай өткізілген дөңгелек үстел

6-шілде Қазақстан Республикасы астанасының туған күні. Астана күні — барша қазақтың тойы, көпке ортақ мереке! Бұл біздің еліміздің жаңа орда тігіп, ақ сарай салдырған күні, ұлы өзгеріспен әлемді таңдандырған күн, қазақ сахарасының даңқын шығарып, шамшырақ жандырған күн, жасампаз ел ретінде есімін мәңгі тарихта қалдырған күн! Сол үшін де бұл мерекенің мәні терең, айрықша қастерлі…

2018 жылдың 5 шілдесінде №29 Қалалық емхананың мәжіліс залында Ұлы дала елордасы – Астана қаласының туған күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.

Мерекелік іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалының қызметкері Есенбай Қ. С., Алғабас-6 ықшам ауданының ардагерлер Кеңесінің мүшесі  Мали аға, сондай-ақ емхана қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел бас дәрігер Садыкова А. құттықтау сөзінен басталды,  «Астана болашақтың қаласы, оның алдағы уақытта одан әрі гүлденіп, көріктеніп, асқақтай түсеріне еш күмән жоқ. Қазақстан елінің басты ордасы әлемнің назарын өзіне аударып, талай ізгілікті шаралардың негізгі бастамашысы, ұйытқысы бола беретіні анық. Қазақстанның болашағы Астананың болашағымен тығыз байланысты», —  деді.

Пікірталас барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Астананың перспективті өсуі,  Қазақстанның орталығында ірі мегаполистің қалыптасуының маңыздылығы туралы атап өтті, сондай-ақ қаланың бірегей сәулет стиліне назар аударды, ал кейбір қызметкерлер әріптестер алдында Астана туралы баяндамаларын оқыды.

 

 


Бөлісу: