Мейірбикелер кұнімен кұттықтау.

Мейірбикелер кұнімен кұттықтау.

2018жылы 5 мамыр кұні №29 емханада,  мейірбикелер кұні аталып отті.Халықаралық мейірбикелер күнін №29 емхананың мейірбикелері өзара білім, біліктілік байқауымен атап өтті.. Байқауға емхананың үш бөлімінен құралған командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Мейірбикелердің кәсіби ғана емес, адамгершілік, науқастармен қарым-қатынас дағдыларын да сын таразысына салған бұл байқауына, симуляциялық течнология орталығының жетекшісі Ж.Н.Сабирова, «Аист» білім беру қорының жаттықтырушысы  И.В.Цой, Алматы қаласы мейірбикелер қауымдастығының Вице-президенті Г. К.Измаилова, «Оқжетпес» емдеу- сауықтыру кешенінің ақпараттық және компьютерлік технологиялар бөлімінің басшысы Ә.Наурызбаев әділқазылық етті. Әділқазылар берген әділ баға бойынша байқаудың бірінші орны Салтанат Әубәкірова жетекшілік еткен мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсететін бөлімнің «Денсаулық» командасына, екінші орын №1 жалпы тәжірибедегі дәрігерлер бөлімінің Жазира Қасымбаева жетекшілік еткен «Иммунитет», ал үшінші орын аурудың алдын алу және психикалық-әлеуметтік көмек бөлімінің медқосшысы Ерзат Қуанышұлының командасына бұйырды. Жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Медицина күніне қарағанда,медбикелер күнін бүкүл әлем атап өтеді. Бүгінгі таңда Дүниежүзілік мейірбике күні кәсіптік мерекелер қатарында беделді орынды алады. Қазіргі заманғы мейірбикелердің міндеттері — отандық денсаулық сақтаудағы ең жақсы дәстүрлерді жоғалтпай, әлемдік тәжірибені игеру.

Exif_JPEG_420

Exif_JPEG_420

Exif_JPEG_420


Бөлісу: