Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады!
«Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Дегенмен, «Әр қазақ — менің жалғызым» дегендей, әр азаматымыздың қазасы жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан аталай асылдарымызды жұлып әкетіп жатыр. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтарымыздың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Бірақ біздің күресіміз жалғаса береді», — деді Тоқаев.
Бөлісу: