«Медициналық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында №29 қалалық емхананың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі қоғамдық кеңес төрайымының орынбасары Рамазан Бекбол мырза емхана ұжымынан құралған «Ақжүрек» бастауыш партия ұйымының қызметкерлері арасында «Медициналық салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында  кездесу өткізді.

Кездесу барысында Бекбол Мырза сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша баяндама жасады.

Сонымен қатар «Алматы – адалдық алаңы» жобасының негізгі бағыттары мен нәтижелері жөнінде атап өтті. Жоба аясында адалдық, әділдік және парасаттылық құндылықтарын насихаттау бойынша атқарылған жұмыстармен таныстырды.

Шара соңында емхана қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, сала маманынан тиісті жауаптарын алды.


Бөлісу: