Сау әдеттер марафоны
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықты салауатты өмір салтын қағидаттары туралы ақпараттандыруға бағытталған қоғамдық денсаулықты нығайту мақсатында 2018 жылдың 11 шілде күні сағат 10.00 – 12.00 дейін аралығында «Денсаулық кепілі!» ұранымен «Сау әдеттер марафоны» кең ауқымды акция өткізілді. Акция Алматы қаласының Алатау ауданындағы емханаларының (№25,22,23,14,29 Қалалық емхана) медицина қызметкерлерінің қатысуыменен өткізілді.
«Сау әдеттер марафонын» өткізуді және ҚР Денсаулық сақтау министрінің эстафетасын қабылдауды қолдай отырып, әрбір медицина қызметкерлері негізгі үш қимылды жүзеге асырады:
— 10 күн бойы үстелге тұз сауыт қоймаймыз;
— 10 күн бойы тәулігіне 2 литр таза су ішеміз, таңертең ас қорыту жүйесінің жұмысын іске қосу үшін 1-2 стакан суды асықпай ішу;
-10 күн бойы 10000 қадам жүру.
marafon-zdorovyh-privychek