«Үлкенге құрмет, кішіге жол!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2019 жылдың 10 қазанында «Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы шеңберінде «Үлкенге құрмет, кішіге жол!» тақырыбында №29 қалалық емхананың мәжіліс залында дөңгелек үстел өткізілді. Қарттар күніне арналған дөңгелек үстелге Зерделі, Рахат, Алғабас, Боралдай посёлкасының қарттары, «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев М.Т. мырза және емхана қызметкерлері қатысты.

Жалпы дөңгелек үстелдің мақсаты – жаһандану жағдайында әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу және сол деңгейде ұстап қалудың негізгі факторларының бірі болып табылатын халықтың денсаулығын, әсіресе ел ертеңі – жас ұрпақтың дені сау болу жолында түрлі ауруға қарсы екпе алудың маңыздылығын түсіндіру, көпті көрген қарияларымыздың көмегімен екпе алуды үгіттеу.

Жиын барысында емханамыздың педиатр дәрігері, мол тәжірибесі бар Аккулова Г.А. «Жасөспірімдерді жұқпалы аурулардан қорғау, екпе егу», эпидемиолог дәрігері Нурымбетова Д.Е. «21-29 жас аралығындағыларға екпе егу» тақырыптарда баяндамаларын оқыды.


Бөлісу: