Ағымдағы жылдың 14 тамызында, Алатау ауданы «Мәдениет» шағын ауданында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Денсаулық айлығына орайластырылған мобильді топтың профилактикалық медициналық тексерісі өткізілді. Айлықтың мақсаты – медициналық қызметке бір қадам жақын болуды қамтамасыз ету.
Көшпелі профилактикалық топ төмендегілердің құрамындағы жылжымалы медициналық кешенмен жүргізілді: №29 қалалық емхананың мамандары: терапевт, жалпы практика дәрігері, кардиолог, невролог және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізді.
Денсаулық айлығы барысынды Мәдениет шағын ауданының халқы ағзадағы холестерин,қандағы қанттың деңгейін білу үшін сараптамадан, ВИЧ-ке және тері-соз ауруларына қатысты экспресс-тестілеуден өтті, ЭКГ және ФГ арқылы да тексерілді.
Бұлардан өзге, медицина қызметкерлері «Халықты тіркеудің регистрі» бойынша толық мағлұматтар берді, мобильді қосымшамен қалай жұмыс жасауға болатындығын түсіндірді, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша толық ақпараттар ұсынылды.
Жалпы 215 адам дәрігер тексерілуінен өтті.