Ағымдағы жылдың 21 тамызында, №29 қалалық емхана қызметкерлерінен құралған «Ақжүрек» бастауыш партия ұйымы мен «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының өкілі Есенбай Қордай мырзамен бірге, «Денсаулық сабақтары» партия жобасы аясында, емханаға қарасты №153 бала-бақшасында ересек топтағы балалар мен тәрбиешілер арасында «Дұрыс тамақтану», «Салауатты өмір салтын сақтау» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында №29 қалалық емхананың терапевт дәрігері Құрбанова Қ.Л. балаларға тазалық сақтау, зиянды тағамдарды тұтынбау жөнінде ақпарат берді.
Негізгі мақсат: балалардың дұрыс тамақтануы арқылы әр түрлі аурулардан алдын алуға және гигиеналық талаптарды сақтауға үйрету.
Бөлісу: