Ұлттық вакцинация бойынша «Ашық есік күні»

13,14 маусым күндері №29 қалалық емханада балаларға Ұлттық вакцинация бойынша Ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күні кезінде педиатр, психолог және басқа да мамандарымыздың кеңестері беріліп, 140-қа жуық бала тексеруден өтсе, ата-ана қолдауымен 103 балаға екпе салынды. Ынта танытып, акцияға келген әрбір кішкентай тұрғындарымызға сыйлық берілді. Балаларымыздың болашағы зор, арман-тілектерінің орындала беруін тілейміз.


Бөлісу: