Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл аурудың бастапқы кезеңдері іс жүзінде асимптоматикалық болып табылады. Яғни адам ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді. Ал оны анықтаудың жалғыз жолы – қан глюкозасының деңгейін анықтау.
Қант диабетімен ауыратын науқастарда инфаркт, инсульт қауіпі артады. Қант диабетінің жиі кездесетін асқынулары – диабеттік ретинопатия деп аталатын көру органдарының зақымдануы, бүйрек функциясының бұзылуы – диабеттік нефропатия және перифериялық нервтердің (полиневропатия) және тамырлардың (ангиопатия) зақымдануы, төменгі аяқтың ойық жарасы мен гангренасы.
Мектептің мақсаты: Қант диабетінің асқынуының алдын алу, аурудың өршуіне жол бермеу, тамақтану және ҚД кезінде емделу жөнінде ақпарат.
Сабақ уақыты: әр дүйсенбі сайын сағат 14.00 — ден 15.00-ге дейін, 318 кабинет.
Бөлісу: