Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін біздің емханада жарқын болашағымыз — балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Мереке кезінде педиатр-дәрігері, хирург, ЛОР-дәрігері, уролог, невропатолог, психолог және басқа да мамандарымыздың кеңесі беріліп, 59-ға жуық бала тексеруден өтті. Ынта танытып, акцияға келген әрбір кішкентай тұрғындарымыз арасында мереке құрметіне ойындар ойнатылып, сыйлық берілді. Жайма шуақ жаздың алғашқы мерекесін балапандарға сыйлау үшін емхана психологтары мен әлеуметтік қызметкерлер өнерлерімен бөлісті. Атап өтер болсақ, осындай Нық қадаммен денсаулыққа бағытталған маңызды акцияға қатысқан баршамызды мерекемен құттықтаймыз, балаларымыздың болашағы зор, арман-тілектерінің орындала беруін тілейміз.


Бөлісу: