Темекінің зияны туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары

№29 қалалық емхананың медициналық қызметкерлері емханаға келген емделушілерге темекінің зияны жайлы ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Темекі шегу – көптеген аурулардың дамуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Статистика бойынша жыл сайын 6 миллионға жуық адам темекіні шегуден көз жұмады. Темекінің адам ағзасына зияны өте жоғары.
Темекі түтіні жүректің ишемиялық ауруы мен өкпенің қатерлі ісігін қамтитын жүрек-қан тамырлары және тыныс алу ауруларын тудыруы мүмкін, демікпе, пневмония және өкпенің созылмалы обструктивті ауру қауіпі бар.
Қазіргі заманғы қоғамда темекі шегу еркектердің, әйелдердің, сонымен қатар балалардың да күнделікті әдетіне айналып кетті.


Бөлісу: