ДДҰ-ның еуропалық аймағы аурудың алдын-алу және өмірді қорғау үшін иммундаудың маңыздылығы туралы хабардар болу үшін жыл сайын Еуропалық иммундау апталығын атап өтеді. 2023ж. 24– 30 сәуір аралығында денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Кең ауқымды толықтыра иммундау!» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізілді.
Вакцинация – халық денсаулығының ең үлкен жетістіктерінің бірі. Бүкіл әлемде ол инфекциялармен күресудің ең тиімді, үнемді және қолжетімді құралы ретінде танылған.
Жыл сайынғы иммундау апталығының мақсаты халықтың назарын аудару және иммунопрофилактиканың адамдардың денсаулығы мен әл-ауқаты үшін маңызы туралы хабардар ету.
Иммундау-бұл әмбебап әдіс және балаларға дені сау өмірге енуге мүмкіндік береді.
Иммундау-бұл өзінің тиімділігін дәлелдеген, денсаулық сақтаудың үнемді шарасы, миллиондаған балалардың өмірін сақтайды және миллиондаған адамдарды аурулар мен мүгедектіктен қорғайды.
Бөлісу: