Балаларды қорғау күніне орай және салауатты өмір салтын ұстану бойынша емханамыздың психологтары Айнаш Тоқташбаевна мен Ақниет Нұрзадақызы, №196 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Біз бақытты баламыз» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты: балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру, ішкі күйзелісті түсіну, өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Сонымен қатар, семинарда
“Сәлемдесу”, “Балаларды құттықтау”, “Сымсыз телефон”, “Не? Қайда? Не істедің? “, “Комплимент”,
“Орамал тастамақ” тақырыптарында ойындар ойнатылды.
Бөлісу: