Дәрігерлер күні ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты шара

Дәрігерлер күні ақ халатты абзал жандарға арналған салтанатты шара

Жыл сайын маусым айының үшінші  жексенбісінде   еліміз Медицина қызметкерлерінің  күнін атап өтеді. Бұл күн әлемдегі барлық дәрігерлердің белсенді әрекеті мен тілектестік күні ретінде саналады.

Кез-келген елдің ең басты байлығы — халықтың денсаулығы. Сондықтан да денсаулық сақтау саласының жағдайы қашанда Елбасының ерекше назарында. Бұл мереке тек абзал жанды дәрігерлердің ғана емес, барлық халықтың мерекесі. Жаны қысылғанда, дертінен айғуға асыққанда біз міндетті түрде дәрігер кеңесі мен тәжірибесіне жүгінеміз.

2018 жылдың 13 маусымында Алатау ауданының аудандық медицина ұйымы, Алатау ауданының емханалары (№25,22,23,14,29 қалалық емхана) мен “Maksat Med”  клиникасы бірлесіп, медицина қызметкерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді. Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мусинов С.Р., Алатау ауданы әкімінің орынбасары Ағыбаев С.Б.,  «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев М.Т. медициналық мекемелердің қызметкерлерін алдағы төл мерекелерімен құттықтап,  дипломдар мен алғыс хаттармен марапаттады. Іс-шара шеңберінде №29 қалалық емхана қызметкерлеріде өздерінің адал еңбектерімен  ерекшеленіп, дипломдар мен құрмет қағаздарына ие болды. Мерекелік іс-шара медицина қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.


Бөлісу: