БҮГІНГІ КҮННІҢ БАТЫРЛАРЫ

№29  қалалық емхана емделушілері осы күндері өз отбасы мүддесінен  өздерінің дәрігерлік міндеті мен халық денсаулығын жоғары қойып, жұмыста жүрген қызметкерлерін бүгінгі күннің батырлары деп мақтаныш тұтады, оның дәлелі тұрғындарымыздың қызметкерлерге жазған жүздеген алғыстары.

Иә,  короновирус індетіне байланысты Алматы қаласына кіріп, шығуға шектеу қойып, қалаға карантин жарияланған  уақытта кезекті еңбек демалысын алып, болмаса  шектеу тәртібін сылтау етіп, үйлерінде қала берулеріне  әбден болар еді, бірақ олар  өзгелердің өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жұмысты таңдады. Жұмыста қалып, халыққа медициналық қызмет көрсетуді ұйғарды. Олар жалпы тәжірибедегі дәрігерлер Талиға Райымбек, Меруерт Өтегенова, Айман Мусаканова, эпидемиолог дәрігері Дина Ермухамбетовна, емхананың бас мейірбикесі  Эльмира  Әбиева, профилактика және психологиялық-әлеуметтік көмек бөлімшесінің аға мейірбикесі Ғалия Жылқышиева,  мейірбикелер   Айдана Бекбау, Әлия Иманғалиева, Сәлима Нұрназарова, Айнұр Солтанбекова, Ләйла  Сүлейменова, Назгүл Әбілдаева, фельдшерлер Ахметов Еркелді, Ашенов Ержігіт.


Бөлісу: