Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай дөңгелек үстел өтті.

Конституция күні – мемлекеттік мереке! Конституция – егеменді, ешбір мемлекетпен ортақтаспаған тәуелсіз мемлекеттің Ата Заңы. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция біздің бостандықтарымыздың негізіне айналды. Ол бізге тәуелсіздік алып келген жеңістеріміздің, біздің тапқан табыстарымыздың бүкіл кешенін баянды етті».

2018 жылдың 29 тамызында №29 қалалық емхананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай дөңгелек үстел өткізілді.

Мерекелік іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Алатау аудандық филиалының қызметкері Есенбай Қ.С және емхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында кейбір қатысушылар  Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы баяндамаларын оқыды.

Барлық Қазақстандықтарды 30 тамыз — Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілейміз! Береке – бірлігіміз мәңгілік болғай!


Бөлісу: