Қазақ радиосының тікелей эфирінде №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы сұхбат берді

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы Заңға сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап еліміздің медицина саласына МӘМС жүйесі енгізілді. Бұл — денсаулық сақтау жүйесінің басты шығындарын жабатын, жаһандық қатерлі факторлардың алдын алатын басты іс болып табылмақ.

Бұл жөнінде 2020 жылдың 13 қаңтарында қазақ радиосының тікелей эфирінде №29 қалалық емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы Садыкова «Бірінші байлық» бағдарламасында сұхбат берді.  

 Эфир барысында қандай емханаға тіркелгендігін және өз мәртебесін анықтау,  бірыңғай жиынтық төлемі жөнінде, сондай-ақ тұмаудың, менингиттің алдын алу жолдары, вакцинаның маңыздылығы туралы еліміздің  радиотыңдаушылары мен студия сауалдарына жауап берді.


Бөлісу: