Қарттарым аман сау жүрсің бе?

1 қазан – Халықаралық қарттар күні, ал қазан айы қарттар айлығы екендігі мәлім. Қазақ халқы қашанда «Төріңнен қарт кетпесін» деп тілеген тілекші ел. Жасы үлкенге құрмет ету, еңкейген қарияға қамқор болу – атадан қалған дәстүр.

Қарттар айлығы аясында, №29 қалалық емхана ұжымынан құралған «Ақжүрек» бастауыш партия ұйымы «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының өкілдерімен бірлесе, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы шеңберінде, аудандағы Меңдібай Жаныс, Макарова Клара атты зейнеткерлердің үйіне барып, артериялық қысымын және профилактикалық медициналық тексерулер, алдын алу жұмыстарын жүргізіп келді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қарттарымыздың денсаулықтарын үнемі бақылау, қажетті дәрі-дәрмектерді беру және әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу.

Жаныс атамыз бен Клара апамыз алғыстарын айтып, осындай іс-шара жиі болып тұрса деп тілек білдірді.


Бөлісу: