Алатау ауданының әкімі кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 19  желтоқсан күні  «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі  Шахмерден Рыспаев мырза №29 қалалық емхана қызметкерлерінен тұратын «Ақжүрек» бастауыш партия ұйымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Шахмерден Сыртбайұлы аудандағы медицина саласының бүгінгі жағдайы, мамандар мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтылуы, қызметкерлерге жасалып жатқан жағдайлар, түйіткілді мәселелер туралы сөз қозғады,  «Ақжүрек» БПҰ қоғамдық қабылдауына келіп түскен өтініштер туралы, оларды оңынан шешу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында сұрап кетті.

Сондай-ақ бастауыш партия мүшелерінің аудандағы көкейкесті мәселелері туралы пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, еркін форматта диалог құрылды.

 


Бөлісу: