«6 айдан асқан балаға қосымша тамақ беру» тақырыбында аналарға арналған сабақ өтті

№29 Қалалық емхананың Дені сау бала мектебінде “6 айдан асқан балаға қосымша тамақ беру» тақырыбында участкелік мейірбикелер мен сәбилердің аналарына арналған кезекті сабақ өтті. Сабақты мейірбике Нуркеева А.У. жүргізді.
Тағам деген не және баланы дұрыс тамақтандырудың маңызы, қосымша тамақ беру мерзімі, түрлері, қандай тағамнан бастаған дұрыс екені түсіндірілді.
Қосымша тағам — баланың рационын толықтыратын өнімдер. Қосымша тағамды баланың өсуі мен дамуына қажетті микроэлементтердің тапшылығын болдырмау мақсатында береді.
Сабақ кезінде аналар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды, қосымша тағамды дайындауға қатысты, қандай тағамдарды бірге қосуға болатынын білді.


Бөлісу: