Медицина қызметкері күніне арналған СПАРТАКИАДА

Медицина қызметкері күніне арналған

СПАРТАКИАДА

 

     Алатау ауданының Аудандық медициналық бірлестігі медициналық қызметкерлер арасында 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және алда келе жатқан Медицина қызметкерлері күніне орай,  мамырдың 23- 25 аралығында спорттық ойындардан спартакиада өткізді. Оған осы аудандағы №14,22,23,25,29 емхананың қызметкерлері қатысып, жұмыста ғана емес, спортта да өздерінің белсенді екендіктерін көрсетті. Дәрігерлер мен мейірбикелер бұл жолы үстел тенисі, 300 метрге жүгіру, баскетбол, волейбол және футболдан өздерінің спорттық шеберліктерін сынға салып, нәтижесінде үстел тенисі бойынша өткізілген жарыста біздің емхана екінші орынды иеленді.

     24.05.2018 күні Алғабас-6 ықшамауданы стадионында өткен 300 метрге  жүгіруден емханамыздың желаяқтары екінші орынды жеңіп алды. Ал футбол жарысынан жігіттеріміз белсенділік танытып, №23,№25 емхана командаларын жеңіп, бірінші орынды қанжығасына байлады.  

    25.05.2018 күні «Шаңырақ-1» ықшамауданында орналасқан № 169 мектептің спорт залында баскетбол ойыны бойынша өткен жарыста №14 емхана бірінші орынды, екінші орынды біздің №29 емхана, ал үшінші орынды №25 емхана командасы иеленді. Ал волейболдан әйелдер арасында өткен бәсеке өте тартымды әрі қызықты болды. Мұнда біздің қыздар екінші орынға ие болды.

    Іс – шараның мақсаты- медицина қызметкерлері арасында жеткілікті дене шынықтыру белсенділігі маңыздылығын арттыру, медицина жұртшылығын дене шынықтырумен айналысуға жұмылдыру, ДДСҰ ұсынымдарын ескере отырып, медицина қызметкерлері арасында өз денсаулығына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.

 


Бөлісу: