15-мамыр Халықаралық отбасы күні

15-мамырда бүкіл әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Отбасы — сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі.
Отбасы күніне орай №29 қалалық емхананың «Отбасын жоспарлау кабинетінде» жүкті әйелдерге және отбасын құруға дайындалып жүрген жастарға «Ашық есік күні» өтті.
Іс-шараның негізгі өткізу мақсаты – халық арасында отбасылық құндылықтарды кеңінен насихаттап, отбасы туралы ұғымдарын кеңейтіп, оны құрметтеуге, отбасы игілігі үшін талмай еңбек етуге үйрету.
Іс-шара барысында емхана қызметкерлері жастармен ой бөлісіп, өнегелі әңгімелерін айтты. Жастар жағы толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.
Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Ендеше әрбір жанұя мерейлі, мәртебесі биік болса, қазақ елінің де абыройы асқақ болары анық.


Бөлісу: