1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні
1 желтоқсанда қазақ елі — Тұңғыш Президент күнін атап өтеді. Бұл мереке алғаш рет 2012 жылы атап өтілді. Тұңғыш Президент күні өзінің идеологиялық мазмұнында, мемлекетіміздің егеменді даму жолындағы барлық жетістіктерін көрсетеді. Қазіргі таңда Қазақстан халықаралық қоғамдастық пен заманауи, демократиялық мемлекет ретінде танылады.
Ағымдағы жылдың 29 қарашасында №29 қалалық емхананың мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Салтанатты шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен басталды. Зерделі ықшам ауданының ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәли Жапақұлы мырза тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихына қысқаша шолу жасап, ел дамуының кезеңдерін талдап, жыл сайынғы мемлекет басшысының Жолдаулары халыққа оң әсер ететінін айтты, сондай-ақ емхананың бас дәрігері Ақмира Маханбетқалиқызы құттықтау сөзін сөйлеп, Тұңғыш Президент күні — ұлтаралық бірлікте көрініс табатын бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының салтанат күні екенін атап өтті.
Іс-шара барысында «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» деген деректі бейнеролик көрсетілді. Фильмде Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы басты елге айналдырған, көрнекті Көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихы арқылы Қазақстанның жетістіктері туралы көрсетті. Емханамыздың салауатты өмір салтының мейірбикесі Қуат Қ.Қ. өз баяндамасын оқыды.
Шара соңында бас дәрігер емхана қызметкерлерін: емхана бой көтерген сəттен жұмыс жасап келген қызметкер, адал еңбегі үшін «Nur Otan» партиясы Алатау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Алмасаев Мұханқали Тұрашұлының атынан Қалшураева Кульсара Абдразаковна, сондай-ақ емханамызда жақсы жұмыс көрсеткені үшін Садуов Исак Қаратаевич, мерейтойына байланысты, толассыз тер төгіп келе жатқан психолог Долженко Галина Петровна Қоғамдық денсаулық басқарма басшысының міндетін атқарушы Мадеева Ж.А. атынан алғыс хатымен марапаттады.