Қызылша ауруы туралы не білу керек?

✔️ Қызылша – дене қызуының жоғарылауымен, жөтел, мұрынның бітуі, тамақтың ауыруы және бөртпемен сипатталатын жіті вирусты жұқпалы ауру. Қызылша ауыр асқынулармен, өкпенің қабынуымен, құрысу және мидың қабынуымен қауіпті. Ауры ауа тамшылары арқылы жұғады.

❗️ Баладағы қызылша ауруының алғашқы белгілері: ауыз қуысындағы ақ (ұнтақ жарманың жиналуы сияқты) және қызыл дақтар. Бөртпелер алдымен құлақтың артында, маңдайда, содан кейін – беттің, мойынның қалған бөліктерінде, содан кейін бүкіл денеде, ең соңында – қол-аяқта тарай бастайды. Бөртпе баланың денесіне шамамен 4-тен 7 күн ішінде толықтай таралады.

📍 Егер балада қызылшаның белгілері байқалса:
✔️ шұғыл медициналық көмекке жүгініңіз;
✔️ емханаға өз бетіңізше апармай, дәрігерді үйге шақыру қажет;
✔️ туыстармен және басқа адамдармен байланысты барынша азайту керек;
✔️ қорғаныш құралдарын қолданыңыз (маска немесе дәке таңғышы);
✔️ егер бала балабақшаға (балалар мекемелері, мектеп) баратын болса, міндетті түрде сол мекемелерге хабар беріңіз.
✔️ баланы өздігінше емдемеңіз!

✅ Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді жолы вакцинация болып табылады.


Бөлісу: