Гастроэнтеология — адамның асқорыту жүйесінің құрылысы мен қызметі, ауыру себебін, патогенезі (дамуы) мен белгілерін, емдеу және алдын алу шараларын зерттеп, саралайтын ғылым. Біздің қала тұрғындары арасында осы саланың мәселесін толғандырар, денсаулығына қатысты сұрақтары көп туындап отыратыны мәлім. Сондықтан, әрқайсымыздың сұрағымызға ана тілінде нақты жауап әрі қажетті мәлімет беру үшін №29 Қалалық емхананың гастроэнтеролог-дәрігері Жанар Ертайқызы Намазбаева Қазақ радиосындағы «Денсаулық» бағдарламасына қатысты. Дұрыс тағамдану, емделудің дұрыс жолдары, аурудың алдын алу, дәрігерге дер кезінде қаралу және салауатты өмір салтының да асқазан-асқорыту жүйесіне қаншалықты әсер ететінін айтып, көңілге қонымды, әр жанға пайдалы кеңесімен бөлісті.
Бөлісу: