Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Скринингтік профилактикалық тексерулер жас мөлшері бойынша

Онкологиялық аурулар жиілігін азайтуға болмайды, егерде ондай дерт ерте кезеңінде анықталса, ол дертті тиімді емдеп, толық сауығуға болар еді, дегенмен ерте кезеңде обыр дертін анықтау қолымыздан келмейді.

Қанайналым жүйесінің ауруларын, глаукоманы және онкологиялық ауруларды ерте анықтау скринингтік тексерулерді дер кезінде өту арқылы қол жеткізуге болады, сондықтан сіздерді скринингтік профилактикалық тексерулерден жас мөлшерлеріңізге қарай өтулеріңізді сұраймыз.

 

            Жас мөлшері бойынша скринингтік профилактикалық тексерулер:

1) қанайналым жүйесінің ауруларын ерте анықтауға скринингтік тексерулер (артериалды гипертония, жүректің ишемиялық ауруы ) және қант диабеті (аталмыш аурулары бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 2 жылда 1 рет — 18, 25, 30, 35, 40 жасқа дейін, 40 жастан 64 жасқа дейін ерлер мен әйелдер) ;

2) глаукоманы скринингтік тексеру арқылы ерте анықтау бойынша (глаукома ауруы бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас мөлшеріндегі ерлер мен әйелдер);

3) сүт безінің обырына қатысты ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтауға скринингтік тексерулер (сүт безінің обыры бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60 жас мөлшеріндегі әйелдер);

4) жатыр мойнының ісікке дейінгі ауруларын және жатыр мойнының обырыдертін ерте анықтауға скринингтік тексерулер (жатыр мойнының обыры бойынша диспансерлік есебінде тұрмаған 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жас мөлшеріндегі әйелдер);

5) тоқ (жуанішек пен тікішектің ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтауға скринингтік тексерулер (тоқ (жуан) ішек пен тікішектің полипозы, обырына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жас мөлшеріндегі ерлер мен әйелдер) ;

6) өңеш обыры мен асқазан обыры ауруын ерте анықтауға скринингтік тексерулер (өңеш обыры мен асқазан обыры ауруына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58 және 60 жас мөлшеріндегі ерлер мен әйелдер):
эзофагогастродуоденоскопия (ФГДС).

7) бауыр обыры ауруын ерте анықтауға скринингтік тексерулер (вирусты және вируссыз этиологиясының бауыр циррозына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған ерлер мен әйелдер):

  • иммунохимиялық /иммуноферментті анализінің ( әрі қарай – ИХА/ИФА) әдісімен альфа-фетопротеин ( әрі қарай – АФП) деңгейін анықтау үшін тамырынан қан алуы іске асырылады;
  • бауырдың УДЗ жүргізіледі.

8) қуық асты безінің обырын ерте анықтауға скринингтік тексерулер(қуық асты безінің обырына қатысты диспансерлік есебінде тұрмаған 50, 54, 58, 62 және 66 жас мөлшеріндегі ерлер);

 

 ИХА әдісімен простат-спецификалық антиген (әрі қарай – ПСА) тамырдан қан алынады.


Бөлісу:

Біздің байланыстарымыз

  • Городская поликлиника №29 | РК, г.Алматы, мкр.Алгабас-6, уч.371/3