Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Ұлттық вакцинация бойынша «Ашық есік күні»

13,14 маусым күндері №29 қалалық емханада балаларға Ұлттық вакцинация бойынша Ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні кезінде педиатр, психолог және басқа да мамандарымыздың кеңестері беріліп, 140-қа жуық бала тексеруден өтсе, ата-ана қолдауымен 103 балаға екпе салынды. Ынта танытып, акцияға келген әрбір кішкентай тұрғындарымызға сыйлық берілді. Балаларымыздың болашағы зор, арман-тілектерінің орындала беруін тілейміз.


Алматы — біздің ортақ үйіміз

Алматы — біздің ортақ үйіміз

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының мақсаты – тұрғындардың қаланың инфрақұрылымы мен қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыру үшін жағдай жасау, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу. https://www.almaty.kz/almaty-events/?lang=kz


1414 Бірыңғай байланыс орталығына көшу туралы

1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ 1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады. Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы […]


1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды

МСҚ 2023 жылы 1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды. Өтініштерді Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот пен веб-сайты арқылы да жолдауға болады.


«Қант диабеті» мектебі

Қант диабеті әлемдегі ең көп таралған эндокринологиялық ауру және оның дамуы организмдегі көмірсулар алмасуының бұзылуымен байланысты. Бұл аурудың бастапқы кезеңдері іс жүзінде асимптоматикалық болып табылады. Яғни адам ауырсыну мен ыңғайсыздықты сезінбейді. Ал оны анықтаудың жалғыз жолы – қан глюкозасының деңгейін анықтау. Қант диабетімен ауыратын науқастарда инфаркт, инсульт қауіпі артады. Қант диабетінің жиі кездесетін асқынулары – […]