Городская поликлиника
№29
Қалалық емхана

Алматы — біздің ортақ үйіміз

Алматы — біздің ортақ үйіміз

«Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанының мақсаты – тұрғындардың қаланың инфрақұрылымы мен қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарау құндылығын қалыптастыру, жеке экологиялық бастамаларды қолдау мен іске асыру үшін жағдай жасау, халық арасында жоғары азаматтық жауапкершілік пен экологиялық мәдениетті тәрбиелеу. https://www.almaty.kz/almaty-events/?lang=kz


1414 Бірыңғай байланыс орталығына көшу туралы

1 МАУСЫМНАН МӘМС БОЙЫНША КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР 1414 АРҚЫЛЫ БЕРІЛЕДІ 1414 операторлары 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтар бойынша қоңыраулар қабылдайды әрі оларға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек зерделеуді қажет етсе, онда олар Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданады. Бұл ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, fms.kz ресми сайты немесе Telegram-дағы […]


1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды

МСҚ 2023 жылы 1-маусымнан бастап медициналық сақтандыру және медқызмет көрсету мәселелеріне қатысты консультацияларды 1414 бірыңғай байланыс орталығы жүргізетінін хабарлайды. Өтініштерді Қордың Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-бот пен веб-сайты арқылы да жолдауға болады.


Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ашық есік күні» өткізілді

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүгін біздің емханада жарқын болашағымыз — балаларға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Мереке кезінде педиатр-дәрігері, хирург, ЛОР-дәрігері, уролог, невропатолог, психолог және басқа да мамандарымыздың кеңесі беріліп, 59-ға жуық бала тексеруден өтті. Ынта танытып, акцияға келген әрбір кішкентай тұрғындарымыз арасында мереке құрметіне ойындар ойнатылып, сыйлық берілді. Жайма шуақ жаздың алғашқы мерекесін […]


«Біз бақытты баламыз» тақырыбында семинар-тренинг

Балаларды қорғау күніне орай және салауатты өмір салтын ұстану бойынша емханамыздың психологтары Айнаш Тоқташбаевна мен Ақниет Нұрзадақызы, №196 жалпы білім беретін мектеп оқушыларына «Біз бақытты баламыз» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру, ішкі күйзелісті түсіну, өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру. Сонымен қатар, семинарда “Сәлемдесу”, “Балаларды құттықтау”, “Сымсыз телефон”, […]