Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы аясында (24 ақпан мен 24 наурыз аралығы), №29 қалалық емхананың балалар дәрігері Пернебаева И.Ш. емханаға қарасты №153 бала-бақшасының ата-аналары мен тәрбиешілеріне «Туберкулез, балаларыңызды сақтандырыңыздар және қорғаңыздар!» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ психолог Алемова А.Т. «Балдырған» ересек тобының балаларына «Денсаулық достары» туралы әңгіме айтты.
«Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасының басты мақсаты туберкулездің жеке және қоғамдық алдын алу шаралары, алғашқы белгілері, жұқтыру қаупі мен ауыр салдары туралы халықты ақпараттандыру, денсаулығына жауапты болуға тәрбиелеу, өзін-өзі сақтайтын тәлімділікке дағдыландыру, міндетті түрде профилактикалық тексерудің маңыздылығын түсіндіру болып табылады.