Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орайластырылған «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарламасы атты айлық барысында, №29 қалалық емхананың мектеп дәрігері Пернебаева И.Ш. емханаға қарасты №182 жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларына «Саламатты өмір салты – туберкулездің алдын алу!» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.
Туберкулез – қабынбалы өкпе пен лимфа түйіндерінде пайда болатын жұқпалы ауру. Туберкулез –тек қана өкпе ауруы ғана емес, сонымен қатар адамның барлық ағзасының – сүйек, бүйрек, ми мен мидық қабығы, тері, көз бен басқа ағзалардың зақымдалуы. Дегенмен,өкпе туберкулезі жиі кездеседі.
Ауру жұқтырудың басты көзі туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микробактериялар шығаратын науқас адам болып табылады.