Ардагерлерді Құттықтады

Ардагерлерді  Құттықтады

4-мамырда  Ұлы Жеңіс күніне арнап №29 емхана ұжымы салтанатты жиын өткізіп, Ұлы Отан соғысының ардагерлері және осы Жеңіске өз еңбектерімен үлес қосқан тыл ардагерлерімен кездесу өткізді. Мерекелік жиынды емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова ашып, мерекеге қатысушыларға деген өзінің жылы лебізін білдірді. Бұдан соң «Алғабас» ықшам ауданы ақсақалдар алқасының төрағасы, тыл ардагері М. Жапақұлы емханада қызмет етіп жүрген ер азаматтарды Отан қорғаушылар күнімен. адамзатына ортақ Ұлы мереке – Жеңіс күнімен құттықтады. Жиын соңында ардагерлерге мерекелік сый-сияпат жасалды. Сол күні емхананың қызметкерлері бір топ ардагерлердің үйлеріне барып, денсаулық жағдайларын біліп, күнделікті қажетті дәрі-дәрмек жиынтығын табыс етті.


Бөлісу: